jasqazaq.kz

Қазақстанның бес азаматы Сириядан шығарылды

14 қараша 2017, 11:19


13 қараша кешкісін Грозный қаласының әуежайына 40 жолаушысы бар — Сирияның қақтығыс болып жатқан аймағынан құтқарылған 12 әйел мен 29 бала мінген арнайы рейспен жеткен ұшақ қонды. Олардың арасында бес адам қазақстандық, екеуі — Өзбекстан, ал қалғаны ресейліктер — Шешенстан, Ингушетия, Дағыстан мен Башқұртстаннан, — деп хабарлайды tengrinews.kz ақпарат агенттігі РИА Нововстиге сілтеме жасап.

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріндегі Шешенстан басшысының өкілетті тұлғасы Зиял Сабсаби бұл адамдарды Сирияның түрлі қаласынан жинап әкелгенін айтады.

Бұл Сириядан жеткізілген екінші және адам саны көп топ болды. Мұның алдында 21 қазанда Сирияның Хмеймима қаласынан 22 адам: жеті әйел мен 14 бала жеткізілген болатын. Шешенстан үкіметінің сайтындағы ақпарат бойынша, республика басшылығының арқасында тамыз айынан Таяу Шығыстан 90 адамды қайтару мүмкін болған. Рамзан Қадыровтың өзі Instagram желісіндегі парақшасы арқылы құтқарылған әйелдер мен балалар «ібліс лаңкестерінің қатарын толтырған» әкелері мен күйеулерінің «қылмыстық ессіздігінен» қақтығыс жүріп жатқан жерлерде қалып қалған деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ол мұндай құтқару жұмыстары аса қауіпті жағдайда жүретінін, алайда, Ресей азаматтарын қиын жағдайда тастамайтынын айтты.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы