jasqazaq.kz

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: 27 үміткер мың дауыстан артық жинады

01 қараша 2017, 11:38

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысып жатқан 27 үміткер мың дауыстан артық жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Айта кетсек, 100esim.el.kz сайтында онлайн дауыс беру 18 қазанда басталған болатын. Жобаға таңдалған 302 адамның 32-сі — мәдениет, 83 — қоғам, 51 — бизнес, 46 — медицина, 47 — ғылым және 43 — спорт саласының өкілдері. 29 қазан күнгі көрсеткіш бойынша Қазақстанда аталған жобаға 31 мың адамның дауыс бергені хабарланған еді.

Ендігі ретте мың дауыстан артық жинаған үміткерлерді саралап көрелік. Спорт саласында «мыңдықтың» ішіне екі ғана үміткер, нақтырақ айтқанда Алмас Бейсенов (1241) пен Виталий Диденко (1230) ғана енген. Жобаның дәл осы тармағына дауыс берушілердің саны аз болып тұр. Спортпен бірге мәдениет саласында да мың дауыс жинаған үміткерлердің саны екеу. Олар Рахат-Би Абдысағин (2947) мен Алексей Ладочников (1425).

Ғылым саласында Күлбарам Баязитова 2135, Қуат Есенов 1349, Қуаныш Жұмабеков 1440, Татьяна Кучер 1685 дауыс жинап, үздік үміткерлердің қатарынан табылған.Бизнес бойынша Қайрат Молдасейітов 3450 жинап көш алдына шықса, одан кейінгі Қуаныш Сүлейменов (2529), Геннадий Зенченко (1946) мен Гарик Бернецянның да (1455) Қазақстанның 100 жаңа есімінің қатарына енуге мүмкіндік туып отыр.

Дауыс берушілер ақ халатты абзал жандарға келгенде ерекше белсенді. Медицина саласында Болатбек Баймаханов (2574), Жасан Зекейұлы (2789), Дана Бешибаева (1387), Алмат Қодасбаев (1825), Андрей Кухарук (1039), Нұрқаси Абатов (1003) мың дауыстан артық жинаған.

Ал қоғам саласы бойынша мың дауыс алғандардың саны — 9. Олар: Валентин Алифанов (1002), Ақсерік Айтимов (2232), Белла Газдиева (2621), Елена Дмитриенко (1039), Рашбиль Евдаев (1146), Ержан Жұмабек (1312), Сембек Сейдазимов (2364), Максим Чернуцкий (1293).

Еске сала кетсек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына онлайн дауыс беру 10 қарашада аяқталады.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы