jasqazaq.kz

Қазақстандық жүргізушілер жиі бұзатын жол ережесі аталды

19 сәуiр 2021, 15:32

Қазақстандық көлік жүргізушілерінің тасжолда жылдамдықты асырған 437 мың жағдайы тіркелді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, жыл сайын полицейлер 5 миллион 652 мыңға жуық жол ережесін бұзған жағдайды тіркейді.

«Биыл 1 300 000 аса жол қоғалысы ережесін бұзған жағдай анықталды. Оның ішінде 437 мыңы жылдамдықты арттыру, 289 мыңы белгілер мен таңбалар талаптарын бұзу, 68,6 мыңы жарық аспаптарын пайдалану ережесін бұзу, 5 мыңы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, 19,5 мыңы аялдама және көлікті тұраққа қою ережелерін бұзу дерегі бойынша», — деді Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте.

Сонымен қатар, 5 мыңнан аса жүргізуші мас күйінде ұсталған. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін басқару құқығынан 6 мың жүргізуші айырылды, 5 мыңнан аса адам әкімшілік қамауға алынған.

Tengrinews.kz

Бүгін, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады
Бүгін, 14:48
Түркістан: Қазығұрт ауданындағы индустриалдық аймақта 8 жоба жүзеге асып жатыр
Бүгін, 12:49
Түркістан: Мақтаралда қоғамдық көліктер жаңартылды
Бүгін, 12:47
Түркістан: Мың шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр
31 мамыр, 18:00
Түркістандағы саз мектебі: баланың болашағына жол ашатын рухани орда
31 мамыр, 15:35
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
31 мамыр, 15:03
Түркістан: Ордабасы ауданы «көгілдір отынмен» қамтылды
31 мамыр, 14:57
Түркістан: Түлкібас тұрғындарына пәтер кілті табысталды
31 мамыр, 14:51
Түркістан: теміржол вокзалдары жаңғыртылады