jasqazaq.kz

Қазақстандық Атамбаевқа видеоүндеу жолдады

23 қараша 2017, 14:20

 

Әлеуметтік желілерде қазақстандық жігіттің Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа жолдаған видеоүндеуі таралып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ассалаумағалейкүм, құрметті қазақ-қырғыз бауырлар. Қырғызстаннан жақсы жігіттер видео жіберіп жатыр. Мен болсам бұл видеоны Қырғызстан президенті Атамбаев мырза тыңдайды деген оймен жазып жатырмын. Бізде сөз бар: «біреуге тәтті өтірік ұнайды нақ, біреуге ащы шындық шырайлырақ». Шынына келгенде, мен және Қырғызстандағы достарым сізде әлі де түсіне алар емеспіз. Қазақ пен қырғыз тарихы ортақ, бауырлас халық екені барлығымызға мәлім шығар», — деді жігіт видеода.

Сондай-ақ, ол қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қазақ жеріндегі беделі жайлы айтып өтті. «Ежелгі кезден бірге қылыш қосып, жоңғарларға қарсы соғысқанымыз, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Панфилов дивизиясы қазақ пен қырғыз бауырлардан құралды емес пе? Шыңғыс Айтматов ағамыздың қазақ жеріндегі беделін өзіңіз де білетін шығарсыз», — деді ол.

«Сонша жыл президент бола тұрып, кететін кезде бір-бірінен қыз алып, бауыр болған халықтың ортасына балта салып отырғаныңыз мен үшін түсінікті болмай тұр. Егер әр қазақ, әр қырғыз баласы татулық болсын десе осындай видео жазып, бір-біріміздің достығымызды көрсетейік. Менің ойымша, бұл жақсы идея. Амандықта кездескенше, бауырлар», — деген автор видеоның соңында.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті