jasqazaq.kz

Қазақстандық альпинист Конституцияны Гималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді

17 мамыр, 14:03

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай қазақстандық альпинист, мәдениет қайраткері Әлібек Қайырбек елдің Ата Заңының мәтінін Гималайдағы Айленд Пик (6180 м) шыңына алып шықты.
Бұл оның «Әлем шыңдарындағы домбыра» атты бірегей жобасының бір бөлігі болды. Жоба «Әлемнің жеті шыңы» халықаралық бастамасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – қазақ мәдениетін, соның ішінде домбырамен орындалатын ұлттық музыканы әлемге таныту және бұл аспапты ең биік шыңдарды бағындырған музыкалық аспап ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізу болып табылады.
Айленд Пикке бағытталған экспедиция 15 күнге созылды және альпинистің бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл өрлеу ол үшін тек спорттық жетістік қана емес, сонымен қатар патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі болды. Әлібек Конституцияның мәтінін еліміздің Ата Заңына деген құрмет белгісі ретінде шыңға көтеруді ұсыну мақсатында Конституциялық Сотқа жүгінді. Конституциялық Сот бұл бастаманы қолдап, Конституцияның ресми мәтінін ұсынды.
Әлібек биіктік пен ауа райының күрделі жағдайларына қарамастан, Конституцияны Гималайдың әйгілі шыңдарының біріне салтанатты түрде алып шығу үшін барлық сынақтардан өтті.


«Мен үшін Конституция – барлық заңдардың шыңы. Бұл жай ғана құжат емес, бұл – рухани тірек, бірлігіміздің, құқықтарымыз бен бостандығымыздың символы. Ата Заң мен домбыраны алып шыққанда мен жүк емес, күш сезіндім. Экспедицияның қатал жағдайларында олар менің мотивациямды арттырып, рухымды күшейттті. Айленд Пик шыңын Қазақстанның дәл осы нышандарымен бағындырғаныма мақтанамын», — дейді Әлібек.
Осы тарихи өрлеу барысында Әлібек Эверест етегінде ұлы қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай оның «Әлқисса» күйін де орындады.
Альпинистің таудағы лагерьлерде және көршілес Непал ауылдарында орындаған музыкалық өнері халық тарапынан үлкен ықыласқа ие болып, экспедицияны ұлттар мәдениетінің диалогына айналдырды. Домбыра мен Конституция Қазақстанның бейбітшілік, ашықтық және ұлттық қадір-қасиет символдарына айналды.
Қайырбек Әлібектің бұл жобасы коммерциялық емес және халықаралық мәдени дипломатияны нығайтуға бағытталған.

Әлібек Амангелдіұлы Қайырбек (05.12.1997 ж. т.) – домбырашы, альпинист. Көкшетау қаласының тумасы, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі.
ҚазҰӨУ-де қызмет еткен кезінде Әлібек Қайырбек қазақ музыкасын әлемге таныту мақсатында халықаралық гастрольдерді ұйымдастыру жұмыстарын басқарды. Оның жетекшілігімен ұлттық өнерді әлемдік сахнада насихаттауға арналған концерттер өткізілді.
Ол ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде, сондай-ақ АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Монако, Иран, Әзербайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия, Ресей, Иордания және басқа да көптеген елдерде өнер көрсетіп, Қазақстанның бай мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытты.
Қазіргі уақытта Қ.Қуанышбаев атындағы Ұлттық қазақ музыкалық-драма театрында қызмет атқарады, халықаралық байқаулардың лауреаты. 2015 жылдан бастап мүгедек балаларға қолдау көрсету жөніндегі қауымдастықтың мүшесі және әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып келеді.

JQ-Aqparat

11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы