jasqazaq.kz

Қазақстанда Жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті

13 наурыз, 23:50

Қазақстанда Жаңа Конституция жобасына арналған ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқаны аяқталды. Ел бойынша 23 мыңнан астам кездесу өткізілді, оған 5,4 миллионнан астам адам қатысты. Түсіндіру жұмыстарына республикалық және өңірлік деңгейдегі 4730 спикер тартылды.


Іс-шаралар елдің барлық өңірлерінде – қалалар мен ауылдық елді мекендерде, кәсіпорындарда, білім беру ұйымдарында және қоғамдық алаңдарда өтті. Науқанның негізгі мақсаты – азаматтарға Конституция жобасының негізгі ережелері туралы жан-жақты түсіндіру және туындаған сұрақтарға жауап беру.
Әртүрлі әлеуметтік және кәсіби топтармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Мысалы, жастар үшін шамамен 1,5 миллион адамның қатысуымен 4 900 кездесу өткізілді, ал кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында 1,2 миллион адамның қатысуымен 4 200 кездесу өтті.
Науқанды үйлестіруді Жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі Жалпыұлттық коалиция жүзеге асырды, ол саяси партияларды, Парламент пен мәслихат депутаттарын, азаматтық қоғам өкілдерін және сарапшылар қауымдастығын біріктірді.


«Біздің міндетіміз – адамдардың Конституция жобасымен жан-жақты танысуына, сұрақтар қоюына және өз пікірін қалыптастыруына мүмкіндік беру. Референдумға қатысу ұсынылып отырған өзгерістерді түсіну негізінде саналы болуы маңызды», – деп атап өтті Коалиция өкілдері.


Кездесулер барысында Негізгі заң жобасының негізгі ережелері талқыланды – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілік мәселелері, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлі, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның экологиялық жауапкершілігі.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткізілген науқан қоғамның кең қабатын қамтуға және азаматтардың маңызды мемлекеттік шешімді қабылдау процесіне саналы түрде қатысуына жағдай жасауға мүмкіндік берді.

JQ-Aqparat

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр