jasqazaq.kz

Қазақстанда отандық авторлардың 100 таңдаулы кітабы айқындалады

23 сәуiр 2025, 16:44

Бұл жоба Мемлекет басшысының қолдауымен белгіленген Ұлттық кітап күні басталды.

23 сәуірде Астана қаласында «Ұлттық кітап күнін» мерекелеу аясында төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық сауалнаманың таныстырылымы ұйымдастырылып, игі іс-шара басталды. Сауалнама 3 айға созылып, нәтижесі 10 тамыз – «Абай күні» қарсаңында жарияланатын болады.

Сауалнаманың басты мақсаты – еліміздің әдеби мұрасын сақтау және дамыту, Қазақстан жазушыларының шығармаларын дәріптеу, халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және баспа ісін дамыту.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былтыр Ұлттық құрылтайдың отырысында «Ұлттық кітап күнін» белгілеу идеясын қолдады. Президент: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деп айтқан еді. Бүгін біз алғаш рет «Ұлттық кітап күнін» атап өтіп отырмыз. Осынау айтулы күні төл әдебиетіміздегі 100 таңдаулы кітапты айқындауға арналған жалпыұлттық сауалнама басталды. Бұл тізім кітап оқуға деген қызығушылықты арттырады және әдебиетімізді дамытуға ықпал етеді деп ойлаймын», – деді.

Электронды үкіметтің ресми сайтында (eGov.kz) арнайы бөлім ашылып, онда әрбір ниет білдірген азамат Қазақстан жазушыларының өзі ұнататын шығармаларына дауыс бере алады.

Еліміздің қалаларында дауыс беру парақшасына өтуге мүмкіндік беретін QR-код бейнеленген баннерлер орнатылады. Сауалнамаға қатысушылар проза мен поэзия, фантастика, публицистика, тарихи романдар және басқа да түрлі жанрлар бойынша 10 кітапқа дейін таңдау жасай алады.

Жұртшылықтың қызығушылығын арттыру үшін жобаның серіктесі «Меломан-MARWIN» дүкендер желісі ынталандыру сыйлықтарын ұсынады.

«100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы кітап оқу мәдениетін нығайту жолындағы жаңа қадам болмақ. Сондай-ақ ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға және қазақ әдебиетінің рөлін күшейтуге септігін тигізеді.

Бұл жоба Ұлттық құрылтайдың бастамасымен жүзеге асырылып отыр.

Бүгін, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк