jasqazaq.kz

Қазақстанда мұнай өндірісі артады

25 тамыз 2022, 16:31

Алдағы екі жылда ірі кен орындарын кеңейтіп, жаңа шағын кен орындарын іске қосу арқылы мұнай өндіруді арттырамыз. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, — деп хабарлайды Alashainasy.kz.

«Біз әрқашан Каспий құбыр консорциумы қазақстандық мұнайды жөнелту мен экспорттаудың экономикалық жағынан тиімдірек бағыты екенін айтып келеміз, сондықтан қазақстандық мұнай экспортын тұрақты өткізу арнасына ие болу үшін осы бағыттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету – басты міндетіміз. Бұл Қазақстанның жалпы экономикасының өсуі үшін өте маңызды. Балама туралы айтқанда, мәселені мына жағынан көтеру керек: біз алдағы екі жылда мұнай өндірісін ірі кен орындарымызды кеңейту, жаңаларын іздеу, жаңа шағын кен орындарын іске қосу арқылы арттыруды көздеп отырмыз», — дейді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Оның айтуынша, ведомство алдағы екі жылда мұнай өндірісін жылына 85,7 млн тоннадан 103-ке дейін, тіпті 107 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

«Тиісінше, бұл біз бүгін экспортқа жөнелтіп отырған көлемнен асып түседі. Мұндай жағдайда осы артық көлемді тұрақты әрі үздіксіз тиеу мәселесін ойлануымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда біз басқа балама ықтимал жолдарды қарастырамыз,» — дейді Болат Ақшолақов.

Энергетика министрлігінің басшысы артылған мұнайды Қытай немесе Каспий теңізі арқылы тасымалдау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.

«Біз бұл баламалы жүктемелер бойынша Әзірбайжан да, Иран да Каспий теңізінде серіктес бола алатынын бірнеше рет айтқанбыз. Түрлі жағдайларға байланысты Иранның өзіндік ерекшеліктері бар. Иранға келсек, бұл елге салынған санкциялар мәселе туғызады. Бірақ, соған қарамастан, біз мұны қарастырамыз. Артылған мұнайдың бір бөлігі Әзербайжан арқылы тасымалданады, бірақ мәселе ірі көлем жөнінде болып отырған жоқ», — дейді Болат Ақшолақов.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті