jasqazaq.kz

Қазақстанда қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салынуы мүмкін

14 маусым 2024, 15:45

Қазақстан Парламентінде қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қаралуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи айтты.

Мәжілісменнің айтуынша, қоғамда бұл мәселе өзекті болып отыр.

«Біз үшін ең маңызды мәселе – еліміздің ұлттық мүддесін, ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық мәдениетті сақтау. Ал қазіргі жағдайға қарасақ, қара жамылған қазақтар көбейіп кетті. Бұл біздің болашақ ұлттық мүддемізге зиянын тигізеді», — деді мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, тиісті заң жобасы алдағы сессияда Парламентке енгізілетін болады.

«Біз бір топ депутаттар болып осындай заң жобасын дайындадық. Ол Парламенттің күзгі сессиясында ұсынылатын болады.  Заң жобасы қабылданғаннан кейін қоғамдағы хиджаб, никаб және басқа да діни киімдер мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Сонда біз діни киім (кию) мәселесін қалай да реттейтін шығармыз», — деп түйіндеді ол.

Сурет:  uganka.ru

JQ-Aqparat

 

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды