jasqazaq.kz

Қазақстанда дауыс берушілер үшін барлық мүмкіндік жасалған – ШЫҰ байқаушылары

15 наурыз, 16:18

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының орынбасары, миссия басшысы Олег Копылов Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға дайындық пен дауыс беру процесін байқау барысында дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне де қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.
«Жалпы алғанда, алдын ала бақылауларға сүйене отырып, Қазақстан тарапынан референдум процесін лайықты ұйымдастыру үшін үлкен жұмыс атқарылғанын айтуға болады. Ұйымдастырушылық және техникалық дайындық жоғары кәсіби деңгейде жүргізілген. Сондай-ақ азаматтардың еркін таңдау құқығын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технологиялық жаңашылдықтар енгізілуде. Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны туралы кең аудиторияға ақпарат берілген. Бұл процесс қоғамда және сарапшылар арасындағы талқылаулармен қатар жүріп отырған. Қоғамда ұсынылып отырған конституциялық реформаларға деген қызығушылық жоғары екені байқалады. Дауыс беру учаскелерінде жақсы атмосфера қалыптасқан. Дауыс беруге жастар белсенді қатысуда», – деді спикер Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.
Олег Копыловтың айтуынша, бұл азаматтардың қазіргі референдумға ерекше мән беретінін және халықтың, ең алдымен, өз еркін білдіру процесіне деген сенімінің жоғары екенін көрсетеді.

JQ-Aqparat

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр