jasqazaq.kz

Қазақстанда 22 жыл іздеуде болған ақмолалық Ресейде ұсталды

26 тамыз 2022, 14:44


 Есірткі саудасымен айналысқан Ақмола облысының тұрғыны 22 жылдан кейін Ресейдің Сургут қаласында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2000 жылы, сол кезде 35 жаста болған Щучье қаласының тұрғыны Ресей азаматымен бірге аса ірі көлемде есірткі затын сату мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау туралы алдын-ала сөз байласады. Сол жылдың 29 наурызында ресейлік әйел Екатеринбургтен Щучье қаласына келіп, ақмолалықтан 6 кг жуық кептірілген марихуана есірткі затын сатып алады. Алайда, келесі күні Көкшетау станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері әйелді пойызбен кетпекші болған кезінде ұстайды

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің сол кездегі 259-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу барысында әйел есірткі затын сатушы туралы да айтты. Алайда, әйелдің сыбайласының тұрғылықты жеріне полиция қызметкерлері ол ізін суытып үлгереді. Ер адамға қатысты іздеу шаралары қолға алынады. Нәтижесінде 22 жыл өткен соң ер адам биылғы жылдың 11 тамызында Ресейдің Сургут қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталды. Қазір оның жасы 57-де», — деді ведомстводан.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті