jasqazaq.kz

Қазақстан мен Қытай Сүмбе өзенін бірлесіп пайдалануға келісті

14 қыркүйек 2022, 14:37


ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сүмбе трансшекаралық өзені туралы келісімге қол қойылды. Бұл ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан келісімге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды.

«Су қатынастары біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған жоғары деңгейдегі барлық екіжақты кездесулерде су мәселелерін үнемі талқылау дәлел болады», — деді вице-министр өзінің кіріспе сөзінде.

Айта кету керек, аталған құжатқа қол қою Сүмбе өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалануға және Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына су жинауды жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан тарапына арнаған сөзінде Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь келісімге қол қою трансшекаралық өзендердің ресурстарын ұтымды және әділ пайдалану контексінде екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады