jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 жеребесінде төртінші себетте болады

28 қыркүйек, 13:33
12

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 жеребесінде төртінші себетте болады

УЕФА Ұлттар лигасының қорытындысы бойынша Еуро-2024 турнирінің жеребе тартуына арналған себеттер анықталды.

Рейтинг командалардың өз топтарында алған орындары бойынша жасалды. Сонымен қатар ұпай саны, соғылған және жіберілген голдар арасындағы айырмашылық есепке алынды.

Қазақстан құрамасы 4-ші себетке түсті. Магомед Адиевтің командасы іріктеу кезеңінде Грузия, Грекия, Түркия, Люксембург, Әзербайжан, Косово, Болгария, Фарер аралдары және Солтүстік Македония құрамаларымен ойнамайды.

1-себет: Дания, Португалия, Бельгия, Венгрия, Швейцария, Польша

2-себет: Франция, Австрия, Чехия, Англия, Уэльс, Израиль, Босния және Герцеговина, Сербия, Шотландия, Финляндия

3-себет: Украина, Исландия, Норвегия, Словения, Ирландия, Албания, Черногория, Румыния, Швеция, Армения

4-себет: Грузия, Греция, Түркия, Қазақстан, Люксембург, Әзербайжан, Косово, Болгария, Фарер аралдары, Солтүстік Македония

5-себет: Словакия, Солтүстік Ирландия, Кипр, Беларусь, Литва, Гибралтар, Эстония, Латвия, Молдова, Мальта

6-себет: Андорра, Сан-Марино, Лихтенштейн

53 команда жеребе қорытындысы юойынша 10 топқа (бес командадан 7 топ және алты командадан 3 топ) бөлінеді.

Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі 9 қазанда Франкфурт қаласында өтеді.

Бүгін, 10:57
Жастар саясаты – ел ертеңін айқындайтын басым бағыт
25 қараша, 11:32
Сенім мен Үміт. Айқын жеңіс
25 қараша, 11:23
Интернетте иман жоқ
25 қараша, 11:20
Асылы Осман: Тұғыр тек мемлекеттік тілде болады
18 қараша, 12:10
Үрейлі үш күн
18 қараша, 12:07
Орны бөлек, ойы ерек Аяған еді
18 қараша, 11:49
Түркінің несібі
18 қараша, 11:44
«Артында қалдырмас па жақсы даңқын...»