jasqazaq.kz

Қазақстан аумағына заңсыз кірген шетелдік шекарашыларға оқ атты

26 тамыз 2022, 14:37


Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған шетел азаматы әскери қызметшілерге оқ атқан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылы 24 тамызда кешке ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылары Кеген ауданындағы Іле Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен мемлекеттік шекараны бұзып өткен шетел азаматын ұстады.

Шекара нарядының «тоқта» және «құжатыңды көрсет» деген талабын естіген шекара бұзушы аңшы қаруынан әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсетті және ізін суытуға тырысқан.

Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келген жоқ. Олар шекараның таулы учаскесін күзету бойынша қызметтерін жалғастырып жатыр», — делінген Шекара қызметінің мәліметінде.

Шекараны заңсыз кесіп өтпек болаған азаматты ұстау кезінде батылдық танытқан әскери қызметшілерді көтермелеу мәселесі қаралуда.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті