jasqazaq.kz

Қазақ жігіті Санта-Чечилия Ұлттық академиясына оқуға түсті

09 қараша 2017, 15:49


Жас сазгер әрі пианист Рахат-Би Әбдісағын  емтиханды сәтті тапсырып, Римдегі Санта-Чечилия Ұлттық академиясына оқуға түсті. Небәрі 18 жастағы Қазақстан азаматына беделді оқу орнында білім алу мүмкіндігі туды. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

“Әрине, бақыттымын. Жаңа белеске дайын екенімді сезіп тұрмын. Мен үшін ең бастысы – Санта-Чечилия академиясының оқуға қабылдап, маған сенім артқаны. Бұл көктен берілген сый. Қазақстан нағыз тәуелсіз елге айналды және біздің жастарымыз әлемнің ең үздік университеттеріне түсе алады”, – деп атап өтті Рахат-Би.

Қазақстандық жігіт алдымен Италиядағы оқу орнына өз еңбектерін жіберген. Оқу орны келіп түскен өтінімдердің ішінен 14 жанды іріктеп алған. Олардың 13-і италиялық азаматтар болса, біреуі біздің Рахат-Би.

“Әрі ең жасы менмін. Қалғандарының жасы 25-35 аралығында, көпшілігі жұмыс істейді”, – деп атап өтті қазақстандық жігіт.

Айта кетейік, Рахат-Би небәрі 13 жасында жоғары оқу орнына түсіп, 18 жасында магистратура бітірген еліміздегі дарынды жігіттердің бірегейі.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы