jasqazaq.kz

​Қазақ тілі оқытушыларының назарына!

07 қараша 2017, 16:04

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы қазақ тілі оқытушыларына арналған «Мемлекеттік тілді үйретудегі тәжірибе және инновация» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курста қазіргі таңдағы қазақ тілін оқыту, әдістеме мәселелері талқыланады:

— Мемлекеттік тілді үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері;

— Сабақты ұйымдастыру және мемлекеттік стандарт, бағдарламалар бойынша талдау;

— Тіл үйрету тәжірибесі;

— Тіл үйретудегі сауаттылық және шеберлік мәселелері.

Курсты тәжірибелі сала мамандары жүргізеді.

Курс – ақылы.

Уақыты: 6-8 желтоқсан, 2017 жыл.

Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран 7А

Толық ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7707 518 10 18, +7747 501 31 91

Email: dana.zhanabek@mail.ru

Курсқа қатысып, тіл үйретудің тиімді әрі жаңа әдістерін меңгеріңіз. Мамандармен тәжірибе алмасып, біліктілігіңізді арттырыңыз!

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы