jasqazaq.kz

Қазақ-қырғыз шекарасында зиянкестермен зақымданған жемістің ірі көлемі анықталды (видео)

17 қазан 2017, 15:22

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында карантиндік зиянкестермен зақымданған жемістің ірі көлемі анықталды. Бұл жайында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның мемлекеттік шекарасының қырғыз учаскесінде кедендік, көліктік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауды күшейту жөніндегі жоспарлы операция жалғасуда. Мәселен, қазанның 10-17-сі аралығында қырғыз тасымалдаушыларының 835 көлік құралы тексерілді және олардың әр сегізіншісінде Қазақстанның көлік заңнамасын өрескел бұзу анықталды. Нәтижесінде 5 млн 644 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. Фитосанитарлық бақылау күшейтілгеннен бастап 127 жүк көлігі тексеріліп, заң бұзушылықтың 20 фактісі анықталды. Кері қайтарылған өнімнің жалпы салмағы 202 тоннаны құрайды. Үш факті бойынша Комсток сымыры, Шығыс жеміс көбелегі және Азиялық жидек шыбыны сынды карантиндік жәндік анықталды. 16 қазанда Жамбыл облысына қарасты Қарасу шекаралық бақылау бекетінде Қырғызстаннан келе жатқан Volvo жүк көлігіндегі 20,6 тонна жүкті (құрма, гранат және жүзім) тексеру барысында Комсток сымыры зиянкесі анықталды. Дәл осы күні Жамбыл облысының Қордай шекаралық өткізу бекетінде Шымкентке келе жатқан Mercedes көлігіндегі 2,9 тонна көлеміндегі алманы тексеру барысында Шығыс жеміс көбелегі табылды. Сонымен қатар 16 қазанда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Барыс учаскесінде Алматыға апара жатқан 3 тонна жүзімнен Азиялық жидек шыбыны анықталды. Анықталған барлық жеміс-жидек Қырғызстанға кері қайтарылды. Қырғызстан тарапынан фитосанитарлық талаптардың жиі бұзылуы анықталған жағдайда Қазақстанның фитосанитарлық қызметі Қырғызстаннан бақылауға жататын өнімдерді тасымалдауға және әкелуге шектеу енгізуге мәжбүр болады.

 

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті