jasqazaq.kz

Қазақ халқынан кешірім сұраймын

01 қараша 2017, 15:20

Астана аялдамасында «қазақтарды итше қыру керек» деген арандатушылық сөз жазған ер адам мәлімдеме жасады, — деп хабарлады Tengrinews.kz. 2004 жылдан бері Қазақстанда жүрген 47 жастағы Өзбекстан азаматы ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша айыпталып отыр.

Бұл іске қатысты сот отырысы Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында қаралып жатыр. Ер адам сот залында тұрып, мұндай жазба қалдыруға ненің итермелегенін түсіндірді. «Менің жүрегім нашар. Сонымен қоса, ішімдікті қоя алмай жүрмін. Бірақ ол күні ұрттағаным да жоқ. Велосипедпен кетіп бара жатқанымда мені екі жігіт тоқтатты. Темекі сұрады, аузына келгендерін айтып, ақша талап етті. Біреуі мені ұрып жіберді, велосипедімді тартып алмақ болды. Осыдан кейін қаным басыма шауып, ашуым келді. Жерде жатқан маркерді көрдім. Аялдама тұр екен. Ашумен осындай сөздер жазып қойыппын. Сосын кетіп қалдым, ал 7 күннен кейін мені ұстады», — дейді айыпталушы. Ер адам сөзді ашумен жазғандықтан ешқандай арамдық ойламағанын айтады. «Қолым өздігінен жүгіріп кетті, қабырғаны сызып жүрген оқушының қылығындай», — дейді сотталушы БАҚ өкілдері арқылы барша қазақстандықтарға. «Мұндай болады деп ойлағам жоқ. Мен Қазақстанның барша халқынан ресми түрде кешірім сұрауға дайынмын. 2004 жылдан бері Қазақстандамын. Сол көшеде тұрамын. Кран басқаратынмын, мамандығым сол. Осындағы көптеген құрылыстарда еңбек еттім. Соңғы екі жыл жұмыс істей алмадым. Жүрегім ауырады, емделуге ақшам жоқ. Ол ауырған кезде ішімдік ішемін. Осы ішімдік ойымды тұмшалады», — дейді ер адам. «Қымбаттыларым менің қазақстандықтарға, қазақтарға еш өкпем жоқ. Олар маған үнемі қол ұшын беретін. Солардың арқасында аман қалдым десе де болады. Өзбекстанда жұмыс болмаған соң осында келдім. Мұнда адамдар соңғы нанымен бөлісетін. Шын жүрегіммен айтамын: менің еш өкпем жоқ», — дейді 47 жастағы ер адам.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы