jasqazaq.kz

Қазақ әдебиетінің алыбы Дулат Исабеков дүниеден өтті

22 ақпан, 11:11

Қазақ халқы ауыр қазаға ұшырады. Қазақ әдебиетінің алыбы Дулат Исабеков өмірден өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Жеделхатта: «Дулат Исабекұлы ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға еді.
Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүние жүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді.
Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», — делінген.
Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып еңбек етті.
Дулат аға өмірінің соңына дейін қаламын қолынан тастаған жоқ. Қоғамда болып жатқан оқиғаларға үн қосып отырды. Журналистердің сауалына әрдайым жауап берді. Қайғылы қаңтар кезінде жұртты сабырға шақырған жалғыз жазушы осы Дулат аға еді.
Jas Qazaq ұжымы Дулат Исабековтың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Jas Qazaq

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан