jasqazaq.kz

Қазақ әдебиетінің алыбы Әкім Тарази өмірден өтті

22 сәуiр, 12:10

Қазақ халқы ауыр қазаға ұшырады. Қазақ әдебиетінің алыбы Әкім Тарази 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев классик жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Жеделхатта: «Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген.
Әкім Үртайұлы Әшімов (Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

Әкім Таразидің «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Москва – Баласаз» романдары, «Ауыл шетіндегі үй», «Тәж», «Махаббат жыры», «Көк аспанда қырағы көз бар» және басқа да әңгіме-эсселері мен повестері, «Жолы болғыш жігіт» пьесалар жинағы жарық көрген.
Әкім Таразидің сценарийлері бойынша түсірілген «Тұлпардың ізі», «Арман – атаман», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Мұстафа Шоқай», «Қызжылаған» фильмдері қазақ киносының «Алтын қорына» енген.

Көптеген туындылары орыс, қытай, поляк, болгар және ағылшын тілдеріне аударылған.
1994 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. 1997 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. 2002 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2011 жылы Прага қаласында Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығымен, 2015 жылы «Отан» орденімен марапатталды. 2021 жылы өнер және әдебиет саласындағы жетістіктері үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері атанды.
Jas Qazaq ұжымы Әкім Таразидің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Jas Qazaq

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң