Өткен жұмада №173 мектептің 37 оқушысы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген еді. Ойнаймын деп от баса жаздаған 7 сынып оқушысы үзілісте бұрышты газ толы құтыны ауаға шашқан екен. Сол сәтте дәлізде тұрған балалардың көзі жасаурап, қақалып, тұншыққан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Құзырлы органдар онымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту ғана жасаған. Ал ем қабылдаған балалардың бәрі үйлеріне қайтарылған. Оқушылар бұрышты газдан уланғанмен, дәрігерлер белгісіз газбен улану диагнозын қойған. Бәрінің денсаулығы бірқалыпты. Амбулаторлық бақылауда.