Қат маманның қадірін білейік

12 желтоқсан 2018, 12:51

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев шетелдік жұмыс берушілерге жоғары деңгейлі кадрлар ауадай қажет екенін айтты. Сондықтан өзіміздің озық білімі бар азаматтарды уысымыздан шығарып алмау – басты талаптардың бірі.

«Бүгін цифрландыру саласы дүниежүзі бойынша өте ауқымды трендке айналып отыр. Қазіргі кезеңде әлем елдерінің даму көрсеткіштері де осы саламен бағаланады. Бүгінгі күні дамыған елдер технологиялық жарысты жандандырып, цифрлық тәртіпті белсенді түрде қабылдауға көшті. Тек Еуроодақ елдерінің өзінде 2017 жылы өнеркәсіптік цифрландыру бағыты бойынша 30-ға жуық ұлттық және аймақтық бастама қолға алынған», – деді Абаев Мәжілісте өтіп жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы Үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, «Индустрия 4.0» элементтерін сәтті енгізу – бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне де оң әсерін тигізетін шаруа.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тамыры тереңде жатыр. Бағдарлама біздің өмірімізге ауқымды өзгеріс алып келетін, заман талабына сай болашаққа түрлі бағыттар ашатын базиске айналмақ. Оның негізгі аспектілеріне тоқталайын: біріншіден, кәсіпкерлік ортада бәсекеге қабілеттілік артады. Цифрлық экономиканы ауқымы шектеулі, мемлекеттің көмегіне ғана жүгініп отырған компаниялар арқылы қарқынды дамыту мүмкін емес. Экономикадағы басты басымдық жеке бизнеске берілуі тиіс. Екіншіден, бұлттық есептеу, жасанды интеллект, машиналық білім беру, үлкен деректер қоры, интернет заттар мен тағы басқа да технологияларды еркін игеруді қолға алу маңызды.
Сарапшылардың статистикасы бойынша, жасанды интеллекті енгізу 2030 жылы әлемдік ішкі жалпы өнімге 14% өсім береді. Бұл Қытай мен Үндістанның өндірістік кәсіпорындарының қазіргі жиынтық көлемінен де артық көрсеткіш. Үшіншіден, кадр дайындау ісіне баса мән беру қажет. Әрине, мемлекеттік бағдарламаның аясында білім беру үрдісіне барлық сатылар бойынша тиісті іс-шараларды қолданып отырмыз», – деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік бастамаға, білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарының өздері де белсенді араласуы керек. «Қазір ІТ саласының қызметкерлері әлем бойынша ең қажетті мамандықтар тізімінде екінші орында тұр. Осы орайда, шетелдік жұмыс берушілерге жоғары деңгейлі кадрлар ауадай қажет.

Сондықтан озық білімі бар азаматтарды уысымыздан шығарып алмау – басты талаптардың бірі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономиканы жан-жақты нығайту үшін еңбек нарығындағы ІТ мамандардың үлесі үш пайыздан төмен болмағаны дұрыс. Осы орайда, Қытайдың тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Олар биыл шетелде қызмет істеп, табыс тауып жүрген 432 мың ІТ мамандарын елдеріне қайтарып алған. Бұл Қазақстанның Ақтөбе немесе Қарағанды сияқты облыс орталықтарындағы халық санымен бірдей көрсеткіш.

Мақпал Ноғайбаева

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?