jasqazaq.kz

Қаржысы шетелде жатқан адамдар тексеріледі

23 қараша 2017, 15:34

Мемлекеттік қызмет және сыбайластыққа қарсы ықпал ету жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаров сыбайластыққа қарсы ықпал ету жөніндегі ұлттық бюроның жеке құрамына және оның аймақтық бөлімшелеріне Қазақстанда жымқырылған мемлекеттік қаржыны толық мөлшерде қайтаруды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне сілиеме жасап today.kz хабарлады.

«Ұрланған қаржының мемлекетке толық мөлшерде қайтарылуын қамтамасыз ету керек, оның ішінде шетелдегі активтер қайтарылуы шарт. Мемлекет қаржысы есебінен заңсыз байыған бірде-бір тұлға ол қаражатты не Қазақстанда, не шетелде пайдаланбауға тиіс», — деді ол офицерлермен болған жиында. Жиналыс барысында ол елбасының берген тапсырмасын жеткізген болатын.

Жиын барысында агенттік басшысы қоғамда сыбайластық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Біздің міндет барлық бағыт бойынша сыбайластыққа тиімді қарсы ықпал ету. Бұл — әлеуметтік блок, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндіруші салалар, қаржылық және квазимемлекеттік секторлар, құқық қорғау органдары, сот органдары және басқа салалар», — деп атап өтті Қожамжаров.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті