jasqazaq.kz

Қаржы министрлігі ақша аударымдарына қатысты қосымша ақпарат берді

20 сәуiр 2021, 17:40

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды жеке және кәсіпкерлік деп бөлу туралы ұсынысқа қатысты қосымша ақпарат берді.

Қаржы министрлігі өкілдері ресми сауалымызға жауапта мобильді аударымдар жеке және кәсіпкерлік болып қалай бөлінетінін айтты.

«Заңнамалық деңгейде мобильді төлемдерге анықтама беру және кәсіпкерлік қызмет үшін жеке шот пайдалану ұсынылды. Жеке аударымдарды кәсіпкерлік қызметте пайдалануға жол бермеу үшін кәсіпкерлік қызметке арналмаған шоттарды пайдалана отырып табыс түсу белгілерін айқындайтын тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу ұсынылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері заңбұзушылықтармен расталуы тиіс. Мысалы, сауда нысанында аударымдарды қабылдау туралы ақпараттың болуы және телефон нөмірін көрсету, сатушының аударымды алғаны және фискалдық чек бермегені туралы тұтынушылар тарапынан шағымдардың болуы, ұзақ уақыт бойы кассалық тәртіптің төмендеуі, Мемлекеттік кірістер органдарының талаптары мен ұсынымдарын елемеу», — деді ведомство өкілдері.

Мұндай адамдардың атына талдау қорытындысы бойынша ғана бұзушылықтарды өз бетінше жою үшін хабарлама жіберілетіні айтылды. Бұл шаралар жеке тұлғаға жеке мақсатта жіберілген ақшаға және адал кәсіпкерлерге қатысты болмайды.

Бұл бастама қашан әзірленіп, мобильді аудармалар қашан бөлінетіні белгісіз.

«Бүгінгі таңда мобильді аударымдарға қатысты бастамалар мен ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдар мен банк секторымен бірлесе қаралып жатыр. Олар ұсыныстарды жария талқылау мен қабылдау үшін, оның ішінде енгізу мерзімдері бойынша ақпарат интернет-ресурста қолжетімді болады», — деді Қаржы министрлігі өкілдері.

Кәсіпкерлік қызметте мобильді төлемдерді қабылдауға мүмкіндік беретін сервистерді жасап қойған екінші деңгейдегі банктер де бар екені айтылды.

Tengrinews.kz

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды