jasqazaq.kz

Қарызын қайтармау үшін көршісін өлтірген (Видео)

01 қараша 2022, 10:59

Қарыздан құтылу үшін қылмысқа барған. Түркістан облысында берешегін қайтарғысы келмеген әйел көршісін жарға жығып өлтірді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оқиға Төлеби ауданындағы Ақсу шатқалында болған. Көршісінен қомақты қарыз алған күдікті ақшаны бере алмайтынын біліп, оны тауға шақырған. Жартас басына жеткенде құздан итеріп жіберіп, өзі ізін суытқан. Марқұмның денесін осы айдың басында төтеншеліктер тауып алған. Тіпті алғашында бұл үш айдан бері іздестіріліп жатқан қос үндістандық студенттің бірі деген болжам болған. Алайда сараптамадан соң, марқұм шетелдік студент емес, Төлеби ауданының тұрғыны екені анықталды. Оны өлтірген әйел қамауға алынып, ол қылмысын толық мойындаған.

Қанат Дүмшебаев, Түркістан облысы ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

— Қылмыстың себебі, күдіктінің жәбірленушіден қарызға ақша алғаны түрткі болған. Сол қарызды қайтармау мақсатында күдікті жәбірленушіні алдап, Ақсу өзенінің бойына алып келіп, сол жерде жартастан итеріп жіберген. Жәбірленуші алған жарақаттардан қаза болғаны анықталды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті