jasqazaq.kz

Қарт анасын кірпішпен ұрып өлтірген көкшетаулық ұсталды

03 қазан 2022, 16:54


Арақ ішіп алған Көкшетау қаласының тұрғыны 92 жастағы анасын басынан кірпішпен ұрып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазанның 2-сінде Көкшетау қалалық полиция бөліміне ер адам хабарласып, 92 жастағы қарт анасының қайтыс болғанын айтқан. Ер адамның сөзінше, анасы құлап мерт болған. Алайда, тергеу барысында қарияның құлағаннан емес, 62 жастағы ұлының қолынан мерт болғаны анықталды.

«Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы барды. Тергеу барысында анықталғандай, арақ ішіп алған ер адам анасымен сөзге келіп қалып, оны басынан бірнеше рет кірпішпен ұрған. Кейін өзі полицияға қоңырау шалып, қайғылы жағдай туралы хабарлайды және дәрігерлерді шақырып, жазатайым оқиға ретінде көрсеткісі келеді. Артынан қылмысын толық мойындады», — деді ведомстводан.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті