jasqazaq.kz

Қариялар бата беруден жарысты

24 қараша 2017, 10:38

Оңтүстік Қазақстан облысында батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Қазыналы қария» атты сайыс өтті.

Арыс ауданында ұйымдастырылған сайыста қазыналы қарттар қанатты сөз айтудан сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Мақсаты — көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Сондай-ақ асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету. Байқау талаптары бойынша жарысқа 60 жастан асқан ақсақалдар мен ел ағалары қатысты. Олар мақал-мәтел мен өнегелі-өсиет сөздер айтудан сайысты. Бата беру мен өнер байқауынан бақтарын сынап көрді. Ауыл ақсақалдары, сондай-ақ тосыннан қойылған сұрақтарға аталы сөзбен жауап қайтарып, әр бағытта берілетін баталардың мәнін түсіндіріп отырды. Сайыс қортындысымен қазылар алқасы бірінші орынға Ақдала ауыл округінен келген Балғынбай Пердебекті лайық деп тапты. Ал екінші орын аудандық ардагерлер ұйымының атынан қатысқан Самархан Байдәулетов пен Жаңабай Еркеевтерге бұйырды. Үшінші орынды Дермене ауылының қариясы Мұрат Нұртанов пен Арыс қаласының ақсақалы Тыныштық Карбозовтар иеленді. Жеңімпаз қарияларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.

ҚазАқпарат

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті