jasqazaq.kz

Қаратау ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасы өтті

11 сәуiр, 12:22

Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Сенбілік барысында қала аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Барлық аудандарда аулалар, саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары атқарылды.
Аталған іс-шара аясында Қаратау ауданында да тазалық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әсіресе, «Нұртас-1» шағын ауданында тұрғындар, еріктілер мен жастар және коммуналдық сала қызметкерлері белсенділік танытты.
Сенбілікке 1000-ға жуық адам қатысты. Оның ішінде қала тұрғындары, жастар, еріктілер және коммуналдық сала қызметкерлері бар. Қатысушылар «Нұртас» тұрғын алабындағы «Каусар» каналы маңындағы сай-салаларды тазарту жұмыстарын жүргізді.
Жалпы аудан бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары, әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері сенбілікке қатысып, аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарына үлес қосты.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, қала тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау және тазалық мәдениетін қалыптастыру – тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей