Бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков әлем чемпионатын тамашалау үшін Мәскеуге келді. Оны Ресей президенті арнайы шақырған.
NUR.KZ хабарлағандай, Сооронбай Жээнбеков Ресей астанасына қарапайым халық мінетін ұшақпен барған. Куәгерлер президентті суретке түсіріп, оның үш адаммен бірге жолға шыққанын жеткізген.
Енді Қырғызстан және Ресей президенттері кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ.
Еске салсақ, бүгін Мәскеу алаңында өтетін алғашқы матчта Ресей мен Сауд Арабиясының спортшылары кездеседі. Қырғызстан президент осы ойынды тамашалайды.