jasqazaq.kz

Қарақат Әбілдина: Алтынай ажырасқан соң қатты өзгерді

21 желтоқсан 2017, 10:29

Алтынай Жорабаева бір үйдің төртінші перзенті. Ата-анасының айтуынша, бауырларының арасындағы ең тұйық мінездісі Алтынай болған. Тіпті, бала күнінде әнге деген әуестігін еш байқатпапты. Сол сияқты отбасылық өмірде көрген қиыншылығы жайлы жан баласына жақ ашпаған көрінеді. Тіпті, құрбыларымен де шүйіркелесіп, әңгіме-дүкен құруды білмеген Жорабаева бар уақытын күйеуі мен қыздарына арнаған.

Бұл туралы Қарақат Әбілдина 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.    

Қарақат ажырасып кеткеннен кейін, Алтынайдың қатты өзгергенін айтты. Әрине, тек жақсы жағына қарай.   “Алтынай көп өзгерді. Үш жыл бұрын осы Астанаға келгенде басқа Алтынай болатын. Бұрын кішкене жасықтау болды, көп нәрсені ішінде сақтады, ішінен тынды. Ашық ешкіммен араласпаған да екен, жарқырап тіпті киінбеген. Тіпті, достары да аз болған. Бала, үй, жолдасының жағдайын, қас-қабағын бақты. Айтылған уақытта концертке барды, қайтты.

Ал қазір кішкене өзін әйел ретінде сезініп, көп уақытын өзіне арнап, сондай көп өзгеріс бар. Ол әйел затына өте қажет. Жүректің тыныштығы, өзіңнің әйел екеніңді сезу, тіпті дүкен аралап, өзіңе керекті нәрсені жан қалауыңмен таңдап алудың өзі адамға үлкен рахат сыйлайды. Бұл ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін, бірақ оның өзі әйел үшін маңызды”, – деп түсіндірді Қарақат.

Бүгін, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім