Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Салдарынан төрт пәтердің балкондары жанып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Оқиға 17 тамыз күні сағат 12.49-да болды. «112» диспетчер пультіне көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Өрт Қарағанды қаласы, Ә. Бөкейханов атындағы аудан, 8-үй мекенжайында болды. От көпқабатты үйдің 4-ші және 5-ші қабат ортасындағы 4 балконды шарпыды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін барлық тұрғындар пәтерден өз беттерімен шығып үлгерді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Жалын бір сағаттан кейін сөндірілді. Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 26 адам және 6 техника жұмыс істеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.