jasqazaq.kz

Қарағандыда астыртын покер клубының қызметі әшкереленді

18 қазан 2022, 15:53

Қарағанды облысында «STOP-игра» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Покер» карта ойыны түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған өңір тұрғынының қызметі әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қарағанды қаласындағы қонақүй кешендерінің бірінде жұмыс істеген астыртын покер клубының қызметін әшкереледі.

«Тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, покер фишкалары, ойын карталары, покер жиынтығы және «Покер» ойнауға арналған үстел табылып және тәркіленді. Ұйымдастырушы бастапқы ақшалай мөлшерлемемен ақша қаражаты үшін фишкаларды сату арқылы құмар ойындар өткізілгені анықталды», — делінген агенттік хабарламасында.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті