jasqazaq.kz

Қарағандыда әйелдер чемпион Данияр Елеусіновтің жарынан таяқ жедік деп арыз жазды

Бүгін, 9:22

Сурет: Видеодан кадр

Қарағанды тұрғындары бокстан олимпиада чемпионының жарынан таяқ жедік деп полицияға арызданды. Олар Данияр Елеусіновтің жары жұдырық ала жүгіргенін айтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Әсел Жабықбаева: — Бізге «атамды ренжіттіңдер» деп шүйлікті. Атасымен көрші тұрамыз. Бірден ішімнен екі рет тепті де, шашымнан сүйрей бастады. Бір кезде атасы шығып, менің анамды басынан ұрып үлгерді. Біз арыз жазып отырғанда оның бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың әйелі екенін естідік.

«Таяқ жедік» деген әйелдер жарақатын растайтын анықтама алған. Әселмен қоса, оның анасы да соққыға жығылыпты. Олардың айтуынша, көршілерімен еш уақытта төбелеспек түгілі, ұрысып көрмеген. Енді пәтерден шығуға қорқып қалған көрінеді. Олар тергеудің ұзаққа созылып жатқанын айтады. Ал полиция спортшының атақ- дәрежесіне қарамастан, тергеу ісі әділ жүріп жатыр деген пікірде. Боксшының жұбайы жаға жыртысқанын жоққа шығармайды. Бірақ өзінің де соққы жегенін айтады. Ұрыс арызданушы тараптың қеліншектің атасын балағаттаудан басталған. Сондықтан бұлар да қарсы арыз жазыпты.

Саида, Данияр Елеусіновтің әйелі: — Бұл жай тұрмыстағы кикілжің болған. Екеуміз құрдаспыз. Менің түсінігімше, олар Даниярдың есімі арқылы хайп жинамақшы. Мен төбелесу үшін барғаным жоқ. Алғашында ұрысқанымыз рас. Сөзден сөз шығып, ұстастық. Менің атамның жасы 80-де, мен, мысалы, ондай жастағы адамды балағаттауға ұятым жібермес еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)

Бүгін, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)