jasqazaq.kz

Қарағандыда 15 жастағы қызға үйленген 38 жастағы еркекке қылмыстық іс қозғалды

05 маусым 2025, 9:49

Сурет: Видеодан кадр

Қарағанды сотында 15 жастағы қызын күйеуге берген анаға қатысты іс қаралып жатыр. Білім бөлімі оны ата-ана құқығынан айыруды талап етеді. Ал қаршадай қызды қалыңдық қылған 38 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу абақтысына қамалған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Әкесі: — Оны жазған арызын айтырып алуға аналар көндіріпті. Алғашындағыдай емес, қазір қызым анасына мейірімі оянып, сөйлесе бастаған. Олар болса, осыны пайдаланып, өздерінікін істеп отыр. Менің төрт баламнан бөлек, оның казіргі күйеуінен тағы екі баласы бар.

Қыздың туған әкесі бұрынғы әйелі балаларға қысым көрсететіндіктен тезірек оларды өз қолына алғысы келеді.

Оқиға Абай қаласында болған. Анасы мен өгей әкесі 15 жастағы қыздарын күйеуге беріп жіберген. Алайда ол бес күннен кейін туған әкесіне қашып келіпті. Ол бірден қызын полицияға ертіп барып арыз жазады. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қызды әйел қылған 38 жастағы ер адамды Астанаға қашып бара жатқан жерінен ұстап алып, қамауға алды. Қыздың анасы, өгей әкесі, күдікті де діни ағымның өкілдері. Қыздың әкесі сол ағымның тәртібіне сүйенген болып, баланы ересектің етегінен ұстатқан дейді. Оның қолындағы басқа балалар да осы күйді кешпес үшін білім бөлімі де әйелді ата-ана құқығынан айыруды талап еткен.

Марина Стрельникова, Абай ауданы білім бөлімінің бас маманы:  — Қаршадай баланы күйеуге беріп жіберген. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия отырысында қыз оны растап берді. Бес күн бойы қыз бала өз үйінде қонбайды. Оны шешесі іздеу салып, полицияға арыз түсірмейді. Демек бәрін білген. Қазір білмей қалдым деп отыр. Комиссия шешімі бойынша, біз сотқа арыз түсірдік, балаларды қорғау органдарының қарауына өткізу үшін.

 

Бүгін, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер