Қарағанды облысындағы өрт 900 гектар жерді шарпыды

21 шiлде 2023, 10:24

Қарағанды облысының Шет ауданындағы тау жотасының аумағында табиғи өртті сөндіруге 168 адам және 34 техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында жағдай тұрақтанды. Жұмыстар бір ошақта жүргізілуде, ашық жану ошағы жоқ. Суару жұмыстары және қарауыл қойылған.
Аэровизуалды зерттеу деректеріне сай, алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 870 га құрайды. Оның ішінде «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» КММ аумағында 116,143 га жер өртенген.
«Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында құрғақ шөптің екі дала жануы жойылды: Бұқар жырау ауданындағы Үштөбе ауылдық округінде 15 га алаңда және Ақтоғай ауданындағы Шабанбай би ауылдық округінде 10 га алаңда. Ақтоғай ауданындағы Айыртас ауылдық округінде бір дала жану ошағы бақылауда қалып отыр. Өртті жоюға ТЖД және Айыртас ауылының өрт сөндіру бекетінің күштері жұмылдырылды. Жану ауданы анықталуда», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.
— Құрғақ мезгілде ормандар мен далаларда отпен жұмыс істегенде ерекше сақ болу керек;
— Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыз, сөндірілмеген оттарды, сондай-ақ сынған әйнекті қалдырмаңыз;
— Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде жарамды ұшқын сөндіргіштері бар техниканы пайдалану қажет.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды