
Бүгін Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде Су-30СМ ұшағы құлады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Экипаж катапульталап үлгерді. Ұшқыштар дін аман, дәрігерлер бақылауында.
Ұшақ құлаған орын шұғыл түрде қоршауға алынды. Қорғаныс министрлігі мәлімдегендей, тұрғындар мен инфрақұрылымға еш қауіп жоқ.
JQ-Aqparat
Сурет: қорғаныс министрлігі