jasqazaq.kz

Қарағанды облысында 850 автокөлік қар құрсауында қалды (Видео)

23 ақпан, 16:17

Қарағанды облысында қатты боран өңірдегі көлік қозғалысын тұралатып, республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдар жабылды. Ең күрделі жағдай Қарағанды — Астана бағытында қалыптасты.

22 ақпаннан бастап аймақта ауа райы күрт нашарлап, қатты боран соғып, жолдың көрінуі төмендеді. Қауіпсіздік шарасы ретінде барлық республикалық және облыстық маңызы бар автожол уақытша жабылды.

Шектеулер салдарынан жолдарда шамамен 500 жеңіл көлік, 350-ге жуық жүк көлігі және 20-ға тарта автобус жиналып қалды. Жалпы саны екі мыңға жуық адам жол үстінде қалған. Ең күрделі ахуал Қарағанды — Астана тасжолында тіркеліп, мұнда 700-ге жуық автокөліктен құралған ұзын колонна түзілді.

23 ақпан күні сағат 14:00–ден бастап патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік колонналарын ұйымдасқан түрде алып жүру жұмыстарын бастады. Ауа райы жағдайының біршама тұрақтануына байланысты Теміртау — Астана бағыты бойынша қозғалыс полиция бақылауымен кезең-кезеңімен қайта жанданды.

Патрульдік полиция батальоны взводының командирі Дәурен Әбдішевтің айтуынша, кейбір учаскелерде қар үйінділері сақталып, көріну деңгейі әлі де төмен. Бұл жол қозғалысын ерекше бақылауды және қызметтердің үйлесімді іс-қимылын талап етеді.

— Негізгі міндет — азаматтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету және көліктерді діттеген жеріне аман-есен жеткізу, — деп атап өтті ол.

Қазір полиция бөлімшелері жол жағдайын қатаң бақылауда ұстап, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Жүргізушілерге берілетін ұсынымдар:

автожолдардың уақытша жабылуы туралы ресми ақпаратты тұрақты түрде қадағалау;
жолға шығар алдында ауа райы болжамын және трассалардың жай-күйін нақтылау;
дауылды ескертулер жарияланған кезде алыс сапарлардан бас тарту;
көлікті қысқы шиналармен және қажетті апаттық жиынтықпен (жылы киім, ауызсу, дәрі қобдишасы, байланыс құралдары) жабдықтау;
көріну шектелген жағдайда жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтау.
Полиция департаменті қолайсыз ауа райы жағдайында ойланбай жолға шығу адамдардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.

 

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес