jasqazaq.kz

Қарағанды облысында 19 көлік соғысып қалды (Видео)

23 қантар 2025, 14:44

2025 жылғы 23 қаңтар сағат 10:30-да Екатерибург-Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855 шақырым) Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылды.

Ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты осындай шешім қабылданып, Қарағанды облыстық полиция департаментінің және ҚазАвтоЖол қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қозғалыс ұйымдастырылды.

Осы учаскенің 1630 шақырымында сағат 12:30-да 19 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Атап өту керек, бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонналық қозғалысқа қатыспаған.

Жол-көлік оқиғаның алдын ала себептерінің бірі — жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықты сақтамау.

ЖКО бойынша қосымша ақпарат анықталуда.

@qazavtojol

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк