jasqazaq.kz

Қарағанды қаласында төбелес шығарған қыздарға қатысты сот үкімі шықты

13 сәуiр 2018, 11:50


Қарағандыдағы караокелердің бірінде төбелес шығарып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген қыздарға қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы бойжеткен қомақты көлемдегі айыппұл төлеп, мәжбүрлі түрде жұмыс жасайтын болды.

Nur.kz хабарлағандай, аталған іс Қарағандының Қазыбек би аудандық сотында қаралған. Сотта 22 жастағы қарағандылық бойжеткенге «Денсаулыққа орташа деңгейдегі қасақана зақым келтірді» деген айып тағылған.
Естеріңізде болса, былтырғы жылдың қазан айында Қарағандыдағы караокелердің бірінде қос бойжеткеннің төбелесі шығып, нәтижесінде олардың бірі тепкінің астында қалған еді. Кейін белгілі болғандай, арулар ән айту кезегіне таласып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген.
Сот төбелесті бірінші бастап, зәбір көрушіні тістеп, тепкілеп тастаған аруды айыпты деп танып, оған сексен сағат бойы мәжбүрлі түрде жұмыс жасайды деген шешім шығарды. Сондай-ақ, айыпталушы зәбір көрген қызға бас-аяғы 400 мың теңгедей көлеміндей айыппұл төлейтін болды.

20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті
20 маусым, 12:52
Түркістан: Балалар суицидіне түрткі болатын жағымсыз факторларға қарсы күрес жалғасады
20 маусым, 11:59
Түркістан: Жеті жылда тұрғын үй құрылысы үш есе өсті
20 маусым, 11:34
Кибербуллингтің алдын алу – суицидке жол бермеу
19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
18 маусым, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда