Қар барысы тауға жіберілді (Видео)

17 шiлде 2023, 11:43

(

Биыл көктемде Алматы облысында табылған ілбіс еркіндікке жіберілді. Бұл туралы Алматы зообағы мәлімдеді. Биыл 20 сәуірде Алматы облысында мал жайып жүрген тұрғын әлсіреп қалған ілбіс (қар барысын) тауып алған еді. Қызыл кітапқа енген жануар ветеринарлық көмек көрсету үшін Алматы хайуанаттар бағына арнайы жеткізіліп, ұзақ уақыт бақылауда болды. Зообақта арнайы карантинде болып, мамандардың толық тексеруінен, емдеуден және оңалтудан өткеннен кейін жыртқыш 15 шілдеде Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына жіберілді. Табиғатқа шығарар алдында ветеринарлар оны қайтадан тексеруден өткізіп, салмағы мен бойын өлшеген. «Алматы хайуанаттар бағында болған кезде барыс оңалтудан өтіп, 8 келіден астам салмақ жинап, денсаулығы толық жақсарып, табиғатқа шығуға дайын болды. Жануар күйзеліске ұшырамауы үшін тексеру және тасымалдау шаралары оны уақытша ұйықтату (наркоз қолдану) арқылы жүзеге асырылды. Зообақтан табиғатқа жіберілгенге дейін барыс ветеринарлардың бақылауында болды. Осы мақсатта ғалымдар жануардың қозғалысын бақылап, оның тіршілігін қадағалап отыруы үшін қар барысының мойнына арнайы спутниктік таратқышы бар қарғыбау тағып қойды», – деп мәлімдеді зообақ өкілдері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы хайуанаттар бағы (@almatyzoo)

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды