jasqazaq.kz

Қаңтардағы азаптауға қатысты 17 полицей мен 12 ҰҚК қызметкері жауапкершілікке тартылады

19 қазан 2022, 14:05

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы кезінде азаптауға қатысты жауапкершілікке тартылып жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлері жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде азаптау бойынша 11 іс тергеу барысында. Тағы бес істі тергеу аяқталды. Осы орайда, 23 адамға жаза тағайындалды. Сонымен қатар, тағы бір іс сотта қаралып жатыр. Жалпы, 29 адам азаптауға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деді Ә. Шындалиев Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол аталған 29 адамның 17-сі полиция, қалған 12-сі Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметері екенін нақтылады.

Әсет Шындалиевтің айтуынша, рақымшылыққа шамамен 1,5 мың адам ілігеді. Олардың басым бөлігі – жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар, ұрлық және басқа қылмыс жасағандар.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті