jasqazaq.kz

Қандастарды қанаттандырған

20 мамыр 2022, 12:01

Тәуелсіздік тізгіні қолға тиіп, еліміз егемендігін алған соң шетелде тұратын қандастарымыз Отанына жаппай орала бастады. Бұл күнді Қазақстанда ғұмыр кешіп жатқан халқымыз ғана емес, қиырда жүрген, туған елге алыстан жанының жанарын салған қандас бауырларымыз да аңсап күткен.
Тәуелсіздік арқылы қазақ ғасырлар бойы аңсаған арманына қол жеткізді. Тәуелсіздігіміздің арқасында Отанына жете алмай жүрген қаншама қазаққа үлкен мүмкіндік берді. Алғашқы кезде атажұртқа оралудың да күрделі мәселесі көп болғаны рас. Олардың бәрін заман талабына сай толық реттеп отыру үшін уақыт, жан-жақты жұмыс жасау қажет етті.
Соның негізінде қазіргі таңда шетелде жүрген миллиондаған қандастарымыздың ұрпақтарына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен жыл сайын арнайы гранттар бөлініп, бүгінгі күнге дейін мыңдаған қазақ жастары қазақтың қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алуда.
Алыс және жақын шет елдердегі этникалық қазақтарды қолдау мақсатында 2001 жылдың 1-қазанынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті (бұрынғы шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті) шетелден келген қазақ жастарын оқытуды міндетіне алды.
Міне сол жылдардан бастап, қазіргі таңға дейін факультетіміздегі білікті де білімді, тәжірибелі ұстаздардан 3000-нан астам қазақ жастары білім алып оқуда. Олар – Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия, Германия, Франция, Ұлыбритания, Швеция, Сауд Арабиясы, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Латвиядан атамекеніне келіп өз ана тілінде білім нәрімен сусындады. Білім алған жастардың көпшілігі жоғары білімді, білікті маман болып, атамекенінде қалып, қазіргі таңда олар еліміздің интеллектуалды әлеуетін арттыруға өз үлестерін қосуда.
Факультетімізге жыл сайын шетелден келуші қандас бауырламыздың санының өсуіне орай, университетіміздің Басқарма төрағасы-ректоры Ж.Қ.Түймебаевтың қолдауымен дайындық бөлімі кеңейтіліп, қандастардың білім алуына, жалпы ортаға бейімделуіне арнайы жағдайлар жасалуда.
Факультетімізді бітірген, әртүрлі кәсіпті игерген алғашқы түлектеріміз еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі салада, университеттерде ел дамуына өз үлестерін қосуда. Атап айтар болсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Алматы техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және тағы басқа да оқу орындары, колледж, мектептерде дәріс беруде.
Сонымен қатар Qamshy.kz ақпарат агенттігінің директоры, танымал журналист Біләл Қуаныш, журналист, ақын Жақсылық Қазымұрат, әнші, сазгер Ұшқын Жамалбек, әнші, сазгер Асқар Әкімбек, драматург Әннес Бағдат, дарынды суретші Марина Оқап, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері Нұржұма Елесбай, Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің оқытушысы Нұргелді Әбеу – біздердің мақтан тұтар шәкірттеріміз.
Шет елден тарихи отанына білім алуға келген қазақ жастарын еліміздің – тәуелсіз Қазақстанның – қазіргі ахуалына бейімдеп, сонымен қатар олардың атамекеніне деген сүйіспеншілік сезімін арттырып, еліміздің экономикалық-әлеуметтік, интеллектуалдық әлеуетін дамытуға өз үлестерін қосуға ұмтылдыру мақсатында факультеттің ұстаздар ұжымы — тәрбиелік, тәлімдік мәні зор іс-шараларды, мәдени-танымдық саяхат сабақтарын, кәсіби бағдарлық бейіндік сабақтарымен қатар, әртүрлі тақырыптар аясында шығармашылық байқаулар, кездесулер ұйымдастырып жастардың білімге деген шабытын шыңдауға көп көңіл бөледі.
Факультетке білім алу үшін келетін қандастарымыздың бойынан — талантты да белсенді, білімді де ойлы, бес саусағынан өнер тамған жастарды көптеп байқауға болады.
Осындай жастардың арасында – Күн асты елін өз жаңалықтарымен мойындатқан жас өнертапқыштар, қазақтың ақындық дарынын, жыршы-термешілік өнерін меңгерген жастар жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқуда.
Ал университет болса осы факультетімізде оқып, білім сусынымен нәрленген сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі жастарға қолдау көрсетіп, оларды ақпарат құралдары арқылы көпшілікке таныстырып, өнерлерін жетілдіре, шыңдай түсуіне мүмкіндік жасап келуде.
Жыл сайын университетімізде дәстүрлі түрде өткізілетін «Студенттік көктем» байқауы, «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысып әрдайым жүлделі орындарға ие болып келе жатқанын мақтанышпен айтуға болады. Осы жылы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына факультетімізден бірнеше тыңдаушылар қатысты. Солардың ішінен үздік болып Юсупбаева Нурсәуле университетіміздің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың қолынан І-орын дипломмен марапатталды. Әрине бұл факультет үшін үлкен жетістік. Бүгінгі факультет тыңдаушысы ертеңгі студент, ал студент — болашақ маман болары анық. Кез-келген өркениетті ел өзінің әлеуметтік дамуында алдымен жастардың инновациялық идеяларын дамытуға, олардың шығармашылық қырлары мен ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыруды басты міндет етіп қояды. Білімге, ғылымға бар ықыласымен бет-бұрған жастар міндетті түрде мақсаттарына жетеді деген сенімдеміз.

М.Б.Амирканов
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру
факультеті деканның оқу-әдістемелік
және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң