jasqazaq.kz

Қанат Ысқақов мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды

16 ақпан, 19:35

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚР Мемлекеттік Хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеді.
2012-2021 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.
2021-2023 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
JQ-Aqparat

Сурет: gov.kz

 

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес