jasqazaq.kz

Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу

29 қазан, 13:36

Ел экономикасында агроөнеркәсіп кешені елеулі орын алады. Өсу қарқыны бар өндіріс  (мәселен, 2024 жылы агроөндірістік өнім көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 13,4%-ға өскен), экспортқа бағытталған мүмкіндік, инвестиция мен техника жаңартуға ынталылық, жер қоры мен табиғи әлеуетіміздің жоғары болуы отандық агроөнеркәсіп саласына үлкен артықшылық береді. Осының ішінде даму бағыты мен мүмкіндік тұрғысынан қарасақ, өңдеу өнеркәсібін дамыту аса өзекті. Өйткені шикізатты экспорттаумен шектелу табыс көлемін азайтады. Ал оны өңдеу, өнім шығару – жоғары табыс көзі. Осы бағытта тәуекелге бел байлап, нақты іске кіріскен шаруақор жанның бірі — Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылының тұрғыны Қанат Мұсаев.

Қанаттың ауыл шаруашылығы саласында 30 жылдық тәжірибесі бар. Ол ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» несиелендіру жобасының аясында Қызылорда облысында алғашқылардың бірі болып қызанақ пастасын өндіретін цех ашты. Былтыр 2,5 пайызбен 27 миллион теңге несие алып, «BarlyBai&K» өндірістік кооперативін құрды да, қаражатына көршілес елдерден цехтың құрал-жабдықтарын сатып алды. Қазір цехта тәулігіне 2 тоннадан астам қызанақ пастасы өндіріледі.

Біздің Қанатпен әңгімеміз цехтың бүгінгі тыныс-тіршілігі, тасымал қызметі, алдағы жоспарлары жайында өрбіді.

«Қателеспесем, қызанақты осы өзіңіздің ауылыңызда, Бидайкөлде өсіресіздер. Биылғы шығым қалай болды?» деген сауалымызға ол былай деп жауап берді:  «Иә, біздің өзіміздің есіктің алдында жылыжай бар, сол жерде көшеттердің барлығын өсіріп, ашық алқапта шығарамыз. Жалпы биыл 15 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен көкөністердің барлық түрлерін егілді. Оның 12 гектары – қызанақ, қалған аумаққа қажетті қауын-қарбыз, тәтті бұрыш, ащы бұрыш, баклажан, т.б. Біз бұлардың барлығын уақыт-уақытымен егеміз. Алғашқы өнімдерін маусым айынан бастап жинағанбыз, содан бері әлі жинау үстіндеміз. Бірі таусылғанда, екіншісі пісіп тұратындай кезең-кезеңімен егіп отырамыз».

Өзінің айтуынша, былтыр 4 түрлі томат пастасын өндірілсе, қазір 5 түрлі ыдыста — бір литрден бастап, 500, 300, 250 грамнан шығарылады.  Басу маусымы енді басталып, жұмыс екі ауысымда жақсы жүріп жатыр. Ендігі мәселе — өнімді өткізу болса, соған күш салынуда. Кәсіпорын бұған дейін Қызылорда облысын қамтамасыз етуге жұмыс істеген. Биыл Астанаға жіберуді бастап, Алматы, Қарағанды қалаларымен келісімшартқа отырып жатыр.

Қанат Мұсаев агроөнеркәсіп саласында кәсіпкерлікпен айналысу туралы ойынмен бөлісіп: «Бұл салада кәсіпкер болу оңай емес. Егер оңай болса, онда кез келген адам іс бастап кетер еді. Белгілі бір қиындықтарды жеңесің, содан тәжірибе жинайсың. Барлығы бір дегеннен бола қоймайды. Бақша дақылын өсіру, өндіру жолдарынан өттім. Сату саласында тәжірибем аздау, сол жағынан қиналып жатырмын. Құдай қаласа, мұны да жеңеміз. Ең бастысы, халыққа химиялық қоспасыз, таза, табиғи, керемет дәмді өнімдер ұсынамыз. Халық жақсы бағасын беріп отыр», — деді.

Агроөнеркәсіп саласында шаруасын дөңгелетіп жүрген Қанат Мұсаевтың алдағы мақсаты – осы кәсібін  2-3 жылда жолға қойып, жан-жақтан сұраныс жақсы болып жатса, ары қарай аясын кеңейту.

Ол өз сөзін: «Сол кезде біраз адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік болады. Еліміздің барлық өңірлеріне өзіміздің Шиелінің таза өнімін танытсақ деген арман жолында жұмыс істей береміз», — деген оптимистік сарында аяқтады.

Айжан Жұмабекқызы,

Қызылорда облысы

Суреттерді ұсынған автор

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды