jasqazaq.kz

Қанат Ислам Мэнни Пакьяомен жекпе-жек өткізуі мүмкін

27 қазан 2017, 17:44

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның командасы филиппиндің Мэнни Пакьяомен 2018 жылы наурызда жекпе-жек өткізу жоспары екенін айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Қанат Исламның менеджері Берік Сұлтан Instagram желісінде парақшасында жариялады. Оның айтуынша, жекпе-жек 2018 жылы 22 наурызда 12 мыңдың «Алматы-Аренада» өтуі мүмкін.

«Пакьяоның командасы дайын болса QAZAQ командасы дайын. 22 наурыз Алматы қаласы «Almaty arena» спорт кешенінде бокс жанкүйерлері үшін үлкен шоу жасауға біз сақадай саймыз. Пакменнің командасы келіссе болды», — деп жазылған Берік Сұлтанның Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғап қалған еді. Ал филиппиндік боксшы соңғы рет 2 шілде күні Аустралияда жекпе-жек өткізіп, Джеф Хорннан жеңілген еді.

Қанат Ислам мен Мэнни Пакьяоның командасы жекпе-жек туралы келісімге келсе, отандасымыз филиппиндік боксшымен жұдырықтасқан екінші қазақ болады. Мэннимен алғашқы жұдырықтасқан қазақ боксшысы — Серік Ешмағамбетов. 2003 жылы Манилада өткен жекпе-жекте Пакьяо жеңіске жеткен. Дегенмен Серік те қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс