jasqazaq.kz

Қанат Бозымбаев: Негізгі 4 жанармай құю бекетінде баға бірдей

31 қазан 2017, 16:55

Павлодар мұнай өңдеу зауыты 3 күн бұрын іске қосылды. Бүгін түнде алғашқы өнім алынды. 1200 тонна АЙ-92 маркалы бензин Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарына жіберілді. Алдағы 3-4 күн бойы осындай мөлшерде осы өңірлерге жанармай тасымалданатын болады. Бұл туралы jasqazaq.kz тілшісі хабарлады.

Бензин бағасына келер болсақ, бұған дейін де атап өткенімдей 160-161 теңге шамасында болады. Мұндай баға мемлекеттік ең ірі 4 желілік жанармай құю бекеттерінде болады. Бұл желілік жүйеге – ҚазМұнайГаз, Гелиос, Sinooil, Газпромнефть бекеттері жатады. Қазан айында біздің жанармай нарығының 40 пайызын ресейлік импорт иеленді. Ал қалған 60 пайызды отандық өнім құрады. Ал егер ресейлік бензин өз бағасымен сатылатын болса 175-180 теңге маңайында болу керек. Ал қазір Астанада бензин 161 теңге. Бұл баға жаңағы ресейден келген 40 пайыз бензин мен отандық 60 пайыз бензиннің қосылғандағы ортақ құны. Мұндай баға қараша айының соңына дейін осындай мөлшерде болады. Ал қарашаның соңында немесе келесі айдан бастап ресейден келетін бензин импорты 25-30 пайызға түседі. Сол кезде баға өзгеруі мүмкін.

Егер қандайда бір шағын жанармай бекеті қазақстандық бензинді алмай тек қана ресейлік бензинді тасымалдап сататын болса онда ол бекеттің жанармайы қымбат болуы мүмкін.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы