jasqazaq.kz

Қамқор қоғам – берекелі болашақтың кепілі

30 шiлде, 13:52


Әлеуметтік әділет пен әлсіз топтарға жанашырлық – мемлекеттік саясаттың бір көрінісі. Түркістан облысы Сайрам ауданында бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Jas Qazaq-тың осы және өзге де сауалдарына аудандық мәслихат төрағасы Шамхат Розақұлұлы жауап берді.
-Шамхат Розақұлұлы, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға көмек көрсету бойынша аудандық мәслихат қандай шешімдер қабылдады?
-Бұл бағытта біз жан-жақты жұмыс жасап келеміз. Атап айтқанда, Сайрам аудандық мәслихаты 22 сәуірде қабылдаған шешімде әлеуметтік көмекті кімдер алатыны, оның мөлшері мен тәртібі нақты көрсетілген. Мұндағы басты мақсатымыз – қоғамдағы теңсіздікті азайтып, мұқтаж азаматтардың өмір сапасын жақсарту.
Бұл шешім негізінде жасы ұлғайған жалғызбасты зейнеткерлер мен өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек беріледі.
-Жалғызбасты зейнеткерлерден бөлек тағы қандай азаматтар әлеуметтік көмек алады?
-Мысалы, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған азаматтарға табысына қарамастан ай сайын 10 АЕК көлемінде көмек көрсетіледі. Диспансерлік есепте тұрған, адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыратын балалардың ата-аналарына ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде жәрдемақы беріледі.


Сондай-ақ, қатерлі ісікке шалдыққан және табысы белгіленген кедейлік шектен аспайтын азаматтарға бір реттік 10 АЕК көлемінде жәрдемақы ұсынылады. Ал созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққандар үшін жол шығындарын өтеу мақсатында 50 АЕК көлемінде бір реттік көмек беріледі.
-Мүгедектігі бар азаматтарға арналған қандай нақты қолдаулар бар?
-Бұл сала – біздің тұрақты бақылауымызда. ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға, сондай-ақ зейнеткерлер қатарындағы мүгедектерге санаторий-курорттық емделу үшін 30 АЕК көлемінде бір реттік көмек қарастырылған. Бұдан бөлек, Мүгедектігі бар адамдар күніне орай 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі жүйке жүйесі ауытқулары бар балаларға 4 АЕК, ал мүгедектік арба пайдаланатын азаматтарға 5 АЕК мөлшерінде көмек көрсетіледі.
-Материалдық көмекпен қатар қандай инфрақұрылымдық қолдаулар бар?
-Иә, тек ақшалай көмекпен шектелмейміз. Ауданымызда 3 «Инватакси» көлігі қызмет көрсетіп отыр. Бұл қызмет қоларбамен жүретін азаматтарға ыңғайлы. Сонымен бірге, 2023 жылы Ақсу ауылында «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» орталығы ашылып, онда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар спортпен шұғылданып, ем-шаралар қабылдай алады. 2025 жылы мамыр айында оның Көлкент ауылындағы филиалы іске қосылды.
-Мұндай жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі үшін қандай тетіктер қарастырылған?
-Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, мүгедектігі бар азаматтарға абилитация және оңалту шаралары бекітіледі. Соған сәйкес, олар гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық жабдықтармен, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арбалармен, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
2021 жылдан бастап іске қосылған Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы азаматтар қажетті қызметтерге ЭЦҚ арқылы онлайн тапсырыс бере алады. Бұл – қызмет көрсетуді жеңілдетіп, ашықтықты қамтамасыз еткен қадам.
-Әлеуметтік мәселе – саясаттың жүрегі. Мәслихат депутаттары бұл ретте қаншалықты белсенді?
-Аудандық мәслихат депутаттары тұрғындармен кездесулер, қоғамдық қабылдаулар арқылы мәселенің мән-жайын анықтайды. Тиісті өтініштер депутаттық сауалдар арқылы жауапты мекемелерге жіберіледі. Бұған қоса, депутаттар демеушілік көмек көрсетіп, өз округтеріндегі әлеуметтік әлсіз отбасыларды назарда ұстап келеді.
Біз үшін әрбір азаматтың мүддесі маңызды. Ауданымызда әлеуметтік әділеттілікті нығайту, ел бірлігін сақтау – басты мақсатымыз. Мәслихат тек шешім қабылдаушы орган емес, ол – халық үніне құлақ асатын өкілді билік. Сондықтан да біз әрқашан ашық диалогқа, жанашыр қадамдарға дайынбыз.
-Шамхат Розақұлұлы, жан-жақты әрі нақты жауаптарыңыз үшін алғыс айтамыз.

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

30 шiлде, 18:26
Сырым Ертаев: Шетелде біздің табиғи етке сұраныс мол
30 шiлде, 15:30
Таяу Шығысқа тұрақтылық қажет
30 шiлде, 14:51
Сарыағашта мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда
30 шiлде, 13:54
Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін көмектер мен қолдау тетіктері
30 шiлде, 13:52
Қамқор қоғам – берекелі болашақтың кепілі
30 шiлде, 13:51
Әлеуметтік әділеттілік – басты басымдық
30 шiлде, 7:45
KPI – отандық өнім өндірудің озық үлгісі
29 шiлде, 19:18
Аралдық кәсіпкер қайықтың төрт моделін жасап, сатылымға шығарды
29 шiлде, 18:29
Аягөз-Бақты: Логистика өңірдің өркендеуіне серпін береді