Қалада абаттандыру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

21 шiлде 2023, 14:42

«Халық қатысатын бюджет» – аулаларды абаттандыру ісінде тұрғындардың ұсынысы ескеріліп, аудан әкімдігі тарапынан қаражат бөлініп, жүзеге асырылатын жоба. Халық ұсынысының ескерілуі Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс,- деген болатын. Осы орайда, Шымкент қаласында аталған бағыттағы жұмыстар тыңғылықты жүзеге асырылып жатыр деп айтуға болады.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты №11 шағын ауданы аумағында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүріп жатқан көпқабатты үй аулаларын қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігер мекеме өкілдері, сондай-ақ техникалық қадағалаушы мамандармен бірге аралады. Аталған аумақтағы игілікті істер «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында атқарылуда.

Мұрат Дүйсенбекұлы аталған аумақтағы құрылыс жұмыстарының үлгеру процесі мен сапасын бақылады. Биыл №11 шағын ауданында көп қабатты тұрғын үй аулаларына 4 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Қазір 2 алаңша аяқталу сатысында. Жалпы 2023 жылы Еңбекші ауданы бойынша 29 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 7 кешенді балалар ойын және ашық спорт алаңшасы орнатылатын болады.

Сонымен қатар, бүгінде Нұрсәт шағынауданында 105, 106, 107, 108 көпқабатты үйлер ауласы абаттандырылып, көгалдандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі М. Әйтенов жауаптылармен бірге абаттандырылып жатқан аулаларды аралап, жұмыстардың барысын пысықтады.
Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта жыл соңына дейін 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Алаңшалар Тұран, Нұртас, Таскен және Өтеміс тұрғын алаптары мен елдімекендерінде салынады. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жөндеу жүргізіліп, балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылатын болады.

М. Дүйсенбекұлы мердігерлерге ең алдымен балалар қауіпсіздігін ескеріп, тұрғындарды жайлылығы үшін құрылысты тиісті талаптарға сай жүргізуде тапсырды. Алаңшаларды орнатуда жергілікті тұрғындардың да ұсыныстарын ескере отырып, нысандарды өндірістік кестеге сай қолданысқа беруді ескертті.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды