jasqazaq.kz

Қала басшысының есепті кездесуі Әл-Фараби ауданында жалғасты

06 қазан 2022, 15:42

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің әр тоқсан сайынғы жоспарлы кезекті есепті кездесуі бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен жалғасты.

Қала әкімі мегаполистегі соңғы 9 айда атқарылған істерді қорытындылап, баяндама жасады.
Кездесуге 300-ден астам халық, басқарма басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есепті кездесу Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Шаhар басшысы жыл басынан бастап мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізіп, көтерілген 1020 мәселенің әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған. Нәтижесінде бүгінге дейін 500-ге жуық мәселе шешілсе, 377-сі жыл соңына дейін шешімін табатын болады, ал 195 мәселе 2023-2025 жылдар жоспарына енгізілді.

Соңғы 9 айда 12 рет жеке қабылдау өткізіп, 1 200-ден астам азаматтың мәселесі тыңдалды. 2 341 мәселенің 760-сы нақты шімін тапса, 1 476-сы орындалуда, қалған мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетін болады.
Әл-Фараби ауданының әкімі Р. Мыңбаев 2 елдімекен, 13 шағын аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.

Регламентке сай сұрақ-жауап болып, қала әкімі М.Әйтенов 30-дан аса атап айтқанда, денсаулық саласы, жұмыспен қамту, инфрақұрылым, балалар ойын алаңшалары, қоқыс мәселесі, заңсыз ғимарат салу мәселелері төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.

Жиын соңында М.Әйтенов хаттамаға енген мәселелердің шешімі бойынша, заң аясында жан-жақты жұмыстар атқарылатынын атап өтіп, қоғамдық мәселелердің шешімінде белсенділік танытқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті