

Индонезиялық футбол клубының қақпашысы ел чемпионатында болған матчтардың бірінде көз жұмды.
Бұл туралы stan.kz хабарлады.
Ол ойын барысында өз командасындағы ойыншымен соқтығысқан.
“Персел Ламонган” мен “Семен Паданг” арасындағы матчта қақпашы Чойрул Худа өзінің әріптесі Рамон Родригеспен соқтығысқан. Нәтижесінде қақпашы есінен танып қалады. Төреші бірден ойынды тоқтатып, дәрігерлерді шақырады. “Персел” дәрігерлері ойыншының есін жиғыза алмай, футболшы бірден ауруханаға жеткізіледі. Алайда дәрігерлер де Худаның өмірін құтқарып қала алмаған. Ойыншының жасы 38-де екен.
Ойыннан кейін команда бапкері Аджи Сантос қақпашының ауруханада қайтыс болғанын хабарлапты. Ол басы мен мойынынан жарақат алған. Худа бүкіл кәсіби мансабын “Персел” сапында өткізген және клубтың аңызға айналған ойыншысы саналады.